Қоғам
2 мин оқу 602

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі қандай?

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызмет саласындағы гендерлік теңдіктің сақталуы, саяси қызметшілер мен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бағыныстағы қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстары үшін жауапкершілігі мәселелеріне қатысты баспасөз мәслихаты өтті.</p>

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі қандай?

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қыз­мет департаменті дирек­торы­ның орынбасары Думан Әбі­лев мемлекеттік қызметте басқа­рушы лауазымдарда 9,5 мыңнан астам әйел қызмет ететінін мә­лім­деді. Бұл басшылардың жал­пы саны­ның 40%-ын құрайды.

Атап айтар болсақ, министр­лердің орынбасарлары 14,3%, өңір әкімдерінің орынбасарлары 7,1%, орталық мемлекеттік орган­дардың комитеттері төр­а­ға­ларының орынбасарлары мен де­партаменттердің дирек­тор­лары 29,2%, орталық мемле­­кет­тік органдардың аумақ­тық бөлімшелерінің басшылары 12,8%, облыстық басқар­малардың басшылары – 15,3%, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары 15,1%-ды құрайды.

Агенттік конкурстық рә­сім­дердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жүйелі және жоспар­лы жұмыс жүргізеді. «Бұл мем­­лекеттік қызметке орна­ла­суға тең мүмкіндік жасау­дың ма­ңыз­ды шарты. Кандидат­тардан конкурстық комиссия­ның ше­шіміне шағым түскен жағ­дайда заңнаманың сақта­луы тұрғысынан тексеру тағай­ында­лады», дейді Д.Әбілев.

2019 жылы жүргізілген кон­курстарға 52 144 адам қатысқан, бұл ретте мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдіргендердің 24 028-і – әйелдер. Конкурс нә­ти­жесінде тағайындалған әйел­дердің үлесі – 46,2 % (22 520-дан 10 397).

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және білік­тілікті арттыру барысында ген­дерлік тақырыпқа назар ау­дарылады. Мысалы, мемле­кеттік органдардың кадрлар бө­лімдерінің басшыларын оқы­ту жүйесіне халықаралық оң тәжі­рибе негізінде әзірленген жұмыс пен отбасын байланыстыру бо­йынша тақырыптық сабақтар енгізілді. 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қыз­мет саласындағы бақы­лау депар­таментінің директоры Ерлан Сапаров «ҚР мемлекеттік қыз­меті туралы» заңның мемле­кеттік қызметшілердің  жауап­тылығы мәселесі бойынша ере­желері 2019 жылдың 10 желтоқ­санында қолданысқа енгізілгенін мәлімдеді.

«Осылайша отставкаға кету туралы міндет өткен жылдың 10 желтоқсанынан кейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жаса­ған қызметкерлердің басшыларына және саяси қызметкерлерге қолданылады. Мем­лекеттік сая­си қызметшілер, егер олар та­ғайындалған күннен бастап үш ай өт­кеннен кейін сыбайлас жем­қорлық қыл­мыс жасаған жағ­дайда отставкаға кетеді.Қазіргі таңда Президент Әкім­шілігінің тапсырмасы бойын­ша Мемлекеттік қызмет істе­рі агенттігі Жоғарғы сот, Бас прокуратура және Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп тиісті іс-қимыл алгоритмін әзірледі.Президенттің тапсырмалары негізінде «Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарға тиісті өзгерістер ен­гізілді», деді маман.

Бөлісу: