Қоғам
1 мин оқу 305

Қазақстан халқы Ассамблеясының құттықтауы!

<p style="text-align: center;"><strong>Құрметті әйелдер қауымы!</strong></p> <p style="text-align: justify;">Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясы көктем&shy;нің шуақ&shy;ты мерекесі &ndash; Халық&shy;ара&shy;лық әйелдер күнімен құт&shy;тықтайды!</p> <p style="text-align: justify;">&nbsp;</p>

Қазақстан халқы Ассамблеясының құттықтауы!

Қазақстан қоғамында бұл мерекенің мызғымас рухани негізі бар, елімізде әйелдерге бүкілхалықтық құрмет пен ана­ларды ардақтаудың сан ға­сырлық дәстүрі қалыптасқан.

Бүгінгі таңда Қазақстан әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларында – саясатта, экономикада, ғылымда, мәдениет пен білім беру саласында маңызды жасампаз рөл атқарады.

Сіздердің әлеуметтік бел­сен­діліктеріңіздің артуы, шы­ғармашылық және зияткерлік әлеуеттеріңіздің толық ашылуы – ел табысының басты шарттарының бірі.

Халықаралық әйелдер күні – біздің баршамыз үшін қас­терлі де айрықша мереке.

Татулық пен бірліктің, жар­қын болашаққа деген се­німнің, ізгілік пен мейірім­ді­ліктің ұйытқысы – әйел-ана үшін бұл мерекенің орны  ерекше.

Құрметті әйелдер!

8 наурыз – сұлулық пен әсем­дік мерекесі. Сіздер өмір­ге сән беріп, мейірім төгіп, шуақ шашып, еліміздің бола­шағы – өскелең ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді дарытасыздар.

Осы шұғылалы мерекені көтеріңкі көңіл күймен, жақсы көретін жандарыңыз бен бақытты балаларыңыздың, адал достарыңыз бен құрбы­лар­ы­ңыздың ортасында қарсы алуға шын жүректен тілек­теспіз.

Сіздерге мықты ден­сау­лық, отбасыларыңызға құт-бере­ке, бақыт және амандық тілейміз.

Мереке құтты болсын, қым­батты әйелдер!

Бөлісу: