Бокс
1 мин оқу 202

Қыздар жеңіліп, жігіттер жеңді

<p style="text-align: justify;">Иордания астанасы Амманда жалауы желбіреген бокстан Токио Олим&shy;пиа&shy;&shy;да&shy;сына жолдама беретін Азия және Ты&shy;нық мұхит аймағы турнирін Қазақ&shy;стан&shy;ның қыздар құрамасы сәтсіз бас&shy;тады.</p>

Қыздар жеңіліп, жігіттер жеңді

Жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға көтерілген 57 кило салмақтағы бұ­рымды боксшы Дәметкен Келімбет Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері қытай­лық Йинь Дзиньхуадан жеңіліп қалды. Сондай-ақ 60 килода Қазақстан чемпионы атанған Римма Волосенко да қар­сыласына есе жіберді. Отандасымыз ал­ғаш­қы іріктеу кезеңінде үндістандық Сим­ранджиткаур Баатпен жұдырықтасқан-ды. Осы­лайша, жарысты бастаған екі боксшымыз Олимпиада жолдамасынан қағылды.

Ал кеше қыздардың есесін жігіттер қай­тарды. 63 килодағы қандасымыз Зәкір Са­фиул­­лин қытайлық Жанг Шаннан ұпай саны бо­­йынша басым түсіп, екінші айналымға жолдама алды. Отандасымыз жартылай финалға шығу үшін Иран өкілі Ашкан Резаеймен бақ сы­насады. Ал 81 килодағы әлем чемпионы Бек­зат Нұр­дәулетов Жаңа Зеландия спортшысы Жером Пом­пеллонені айқын басымдықпен жеңді.

Бөлісу: