Аймақтар
2 мин оқу 435

Red Bus экскурсиялық автобусы жаңа бағыт бойынша жүреді

<p style="text-align: justify;">Астана Конвеншн Бюро компаниясы әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында айтылған мәслихат депутаттарының ұсынымдарына сәйкес бағытты өзгертті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Red Bus экскурсиялық автобусы жаңа бағыт бойынша жүреді

Енді екі қабаттан тұратын Red Bus автобусындағы шолу экскурсиясының жаңартылған бағыты қаланың оң жағалауының көрікті жерлерін қамтиды.

Жаңа маршруттың ұзындығы 30 км-ден асады.

Автобус қатынайтын көрікті орындар қатарына:

  1. Есіл өзенінің жағалауы
  2.  Астана концерт залы
  3. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайы
  4. екі ұлы қазақ хандарына арналған Керей мен Жәнібек ескерткіші
  5. Елбасының жұмыс резиденциясы
  6. "Жер ана" ескерткіші
  7. "Арыс" көпірі сынды жерлер жатады.

Ескі бағыт пункттері:

- Хан Шатыр сауда ойын-сауық орталығы 

-"Мәңгілік Ел" қақпасы

- "Нұр-Әлем" Болашақ энергиясы мұражайы

-  Ұлттық музейі                                                                                                                                                        - Астана Бәйтерек Монументі                                                                                                                                      - "Ailand" отбасылық демалыс орталығы

Еске сала кетейік, экскурсия Red Bus автобусында Hop-On Hop-Off принципі бойынша өткізіледі. Әрбір автобус 8 тілдегі (қазақ, ағылшын, орыс, қытай, неміс, түрік, испан, француз) аудиогидпен жабдықталған.

Құны: Ересектерге - 3 000 теңге Балаларға, студенттер мен зейнеткерлерге - 2 000 теңге 5 жастан кіші балаларға-тегін Экскурсия автобусы туралы толық ақпаратты redbus.kz -тен табуға болады.

Бөлісу:
Red Bus экскурсиялық автобусы жаңа бағыт бойынша жүреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар