Хоккей
1 мин оқу 280

Шайбалы хоккей: «Сарыарқа» плей-офф додасын аяқтады

<p style="text-align: justify;">Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) Петров кубогы жолындағы жарыс Қарағандының &laquo;Сарыарқасы&raquo; үшін сәтсіз аяқталды.</p>

Шайбалы хоккей: «Сарыарқа» плей-офф додасын аяқтады

Санкт-Петербургтің СКА-Нева клубына қарсы соңғы ойынды жерлестеріміз өз мұз айдынында өткізді. Бұл кездесуде қонақтар екі шайба соқты. Бұл голдардың авторлары – Григорий Ващенко (12 минут) мен Владислав Курбатов (54 минут). Қарағандылықтар бірде-бір рет мергендік таныта алмады. Есеп – 0:2.

Сөйтіп, плей-офф додасының алғашқы айналымында 4:2 есебімен жеңіске жеткен СКА-Нева ширек финалға жолдама алса, «Сарыарқа» үшін биылғы маусым аяқталды.

Естерңізіге сала кетейік, бұған дейін Өскеменнің «Торпедосы» Петров кубогы жолындағы жарыстың алғашқы айналымында Мәскеудің «Звездасына» жол берген еді.  

Бөлісу:
Шайбалы хоккей: «Сарыарқа» плей-офф додасын аяқтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар