Оңтүстік Кореядан келген азаматтар карантинге жабылды
<p style="text-align: justify;">Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 наурыздағы Қаулысына сәйкес коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша 1 санаттағы елдерден (ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран) оралған адамдар Қазақстанға келген күннен бастап жергілікті атқарушы органдар белгілеген нысанда 14 күн карантинде болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>
Осы Қаулыға сәйкес 05.03.2020 жылы сағат 15.50-де Сеул-Алматы рейсімен 197 адам келді. Оның ішінде, 97 жолаушы транзитпен келген (Қырғызстан-23, Өзбекстан-37, РФ – 16, Украина – 18, Оңтүстік Корея – 2, Тәжікстан - 1).
Қырғызстан өз азаматтары үшін автобус жіберді. Полиция қызметкерлерінің көмегімен 21 қырғызстандық мінген втобус Қырғыз Республикасына жолға шықты.
Жалпы 100 адам медициналық мекемеге жеткізіліп, орналастырылды, оның ішінде 4 бала бар. Карантинде отырған адамдарға толық медициналық бақылау жүргізіледі.
Карантин кезінде (14 күн): карантин орнынан кетуге рұқсат етілмейді. Карантин тәртібін бұзылғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.