Экология
1 мин оқу 630

Қазығұрттық шаруа гүл өсіріп, табыс табуда

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Тұрбат елді мекенінде &laquo;Үміт&raquo; шаруа қожалығы он бес жылдан бері гүл өсірумен айналысады.</p>

Қазығұрттық шаруа гүл өсіріп, табыс табуда

Қожалық иелігіндегі жер көлемі - 4,5 гектар, оның ішінде 40 соттық жылыжайға – раушан гүлі, 10 соттыққа – қалампыр гүлі өсіріледі. Бес адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Ал қазіргідей маусым кезінде 15 ауыл азаматы жұмысқа тартылады, орташа айлық жалақылары - 60 мың теңге. Өткен жылы 10 мың дана қалампыр, 40 мың дана раушан гүлі жиналған. Қожалық төрағасы Рустем Ибрагимов биылғы маусымда да өнім аз болмайтынын айтады. Айта кетелік, Тұрбат ауылында көлемі - 55,3 гектар жылыжай бар. Ал аудан көлемінде өткен жылы 156,01 гактар жылыжайлардан 39,8 мың тонна - көкөніс, 100 тонна - лимон, 840 мың дана - гүл өнімдері жиналған.

Түркістан облысы

Бөлісу:
Қазығұрттық шаруа гүл өсіріп, табыс табуда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар