Бокс
1 мин оқу 575

Олжалы оралды

<p style="text-align: justify;">Финляндияның бас шаһары &ndash; Хель&shy;синкиде бокстан дәстүрлі Gee Bee турнирі мәресіне жетті. Бір аптаға созылған халықаралық бәсекеде отан&shy;дастарымыз алты медаль олжалады.</p>

Олжалы оралды

Финалға жолдама алған төрт бокс­шымыздың тек біреуі ғана бас жүлде иеленді. 91 кило салмақта жұдырықтасқан Сағын­дық Тоғамбай финалдық сайыста украиналық Роберт Мартонды 4:1 есебімен жеңіп, ел қоржынына алтын медаль салды. Ал 57 килодағы әлем чемпионы Қайрат Ерә­лиев, Асланбек Шымбергенов (69 кг) жә­не аса ауыр салмақтағы Нұрлан Са­парбай фи­налда жеңіліп, күміс медальды қанағат тұтты.

Сондай-ақ 63 килодағы отандасымыз Ділмұрат Мижитов пен 81 килодағы Бек Нұрмағамбет халықаралық турнирдің қо­ла жүлдегері атанды. Айта кетейік, Фин­­ляндияға еліміздің екінші құрамдағы бокс­шы­лары барған-ды.

Бөлісу: