Хоккей
1 мин оқу 230

«Барыстың» қарқыны күшті

<p style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден Гагарин кубогы аясында сынға түсіп жатқан елорданың &laquo;Барысы&raquo; сырт айдында Магнитогорскінің &laquo;Металлург&raquo; командасына қарсы екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.</p>

«Барыстың» қарқыны күшті

5 наурызда өткен алғашқы ойында жерлестеріміз негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, овертаймда жеңісті жұлып алды. Матчтың бірінші және екінші кезеңінде хоккейшілер бір-бірінің қақпасына шайба соға алмай, біраз әбігерге түсті. Тек ойынның үшінші кезеңінде ғана есеп ашыл­ды. 47-минутта «Металлург» сапынан Сергей Мозякин көзге түссе, арада 2 ми­­нут өткенде «Барыс» капитаны Даррен Диц есепті теңестірді. Ал қосымша уақытта «Ба­рыстың» бағы жанып, жеңіске жетті. «Барыстың» жеңіс голын Линус Виделль соқты. Қорытынды есеп – 2:1.

Араға екі күн салып «Металлург» пен «Барыс» тағы кездесті. Бұл ойында да жер­лестеріміздің мерейі үстем болды. Бірін­ші кезеңнің соңғы минутында Антон Сага­деев есепті ашса, 56-минутта Дастин Бойд «Барыстың» екінші шайбасын соғып, ойының нүктесін қойды. Есеп – 2:0. Екі команда арасындағы 4 ойыннан кейін «Барыс» 3:1 есебімен алға шықты.

Бөлісу:
«Барыстың» қарқыны күшті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар