Әлем
1 мин оқу 391
Димаш орындаған саундтрек QQ MUSIC платформасында бірінші орынға шықты
<p>Әнші Димаш Құдайберген орындаған сериал саундтрегі Қытайдың QQ MUSIC платформасында бірінші орынға шықты. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жазды.</p>
«Менің қытайлық жаңа сериалға арнап орындаған саундтрегім Қытайдың QQ MUSIC платформасында бірінші орында тұр. Төмендегі фото – менің қытайлық командамен түскен фотосуретім (агенттер, продюсерлер, менеджерлер - Black Golden компаниясынан). Бұл командамен I am singer жобасынан бері үш жыл бойы жұмыс істеп келемін. Жаңа жобаларды күтіңіздер», - деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Бөлісу: