Аймақтар
1 мин оқу 170

Маңғыстауда жүк пойызы мен автокөлік соқтығысты

<p style="text-align: justify;">Жол-көлік оқиғасы кеше, яғни 9 наурыз күні Мұнайлы ауданына &laquo;қарасты Батыр ауылының маңындағы теміржол өткелінде болған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Маңғыстауда жүк пойызы мен автокөлік соқтығысты

«Nissan Teana» көлігінің жүргізушісі жақындап келе жатқан жүк пойызын байқамаған. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жүк пойызы автокөлікті соғып, автокөлік жол жиегіне шығып қалған. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткелде барлық қажетті жол белгілері бар.

- Қазіргі таңда жүргізушіге қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 610 бабы бойынша хаттама толтырылды, делінген Полиция департаменті баспасөз қызметі жолдаған хабарламада.

Бөлісу:
Маңғыстауда жүк пойызы мен автокөлік соқтығысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар