Хоккей
1 мин оқу 136

Жартылай финалға шықты

<p style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден Гагарин кубогы аясында сынға түсіп жатқан елорданың &laquo;Барыс&raquo; клубы Нұр-Сұлтандағы &laquo;Барыс Аренада&raquo; Магнитогорскінің &laquo;Ме&shy;таллург&raquo; командасын қабылдап, ірі есеппен жеңіске жетті.</p>

Жартылай финалға шықты

Кездесу бастала сала мұзайдын иелері шабуылға шығып, ойынның небәрі 4-минутында есеп ашты. Егор Петуховтың асырған шайбасынан кейін Антон Сагадеев «Металлург» қақпасын дәл көздеді. 6-минутта қонақтар сапынан Николай Кулёмин есепті теңестіргенімен, арада 30 секунд өткенде Даррен Диц «Барысты» қайта алға шығарды. Бірінші кезең аяқталғанға дейін Антон Сагадеев дубль авторы атанып, есепті 3:1-ге жеткізді.

Екінші кезеңде екі команда хоккейшілері бір-бір шайба соқты. Алғаш 25-минутта Павел Акользин, 28-минутта Артём Мину­лин мергендігімен көзге түсті. Ал үшінші кезеңнің соңғы минутында Павел Акользин ойындағы екінші, «Барыстың» бесінші шайбасын соқты. Қорытынды есеп – 5:2.

«Барыс» пен «Металлург» арасындағы 5 ойынға созылған кездесуде жерлестеріміз 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Гагарин кубогының жартылай финалына шықты.

Бөлісу:
Жартылай финалға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар