Спорт
1 мин оқу 260

Олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды

<p style="text-align: justify;">Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасы төртжылдықтың басты додасына үш жолдама жеңіп алды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.</p>

Олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды

Токио Олимпиадасына ел құрамасынан үш санат (спринт, омниум, кейрин) бо­йынша екі спортшы бақ сынайды. Төртжылдықтың басты додасына баратын спортшылар тізімін Қазақстан велоспорт федерациясы кейінірек ұсынады.

Айта кетерлігі, спринт бойынша Қазақ­стан тарихи жолдамаға қол жет­кізіп отыр. Себебі осы уақытқа дейін қазақ­стан­дық спортшылар аталған санат бойынша Олим­пия ойындарына қатыспаған. Қазақ­стан құрамасына тиесілі жолдаманы алу жолында Артем Захаров пен Сергей Поно­маревтің көп еңбегі сіңді. Аталған спортшылар Берлинде өткен әлем чемпионатында үздік ондыққа ілінген болатын.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасында Токиода өтетін жазғы Олимпия ойындарына 41 лицензия бар.

Бөлісу: