Аймақтар
2 мин оқу 320

Ортақ ұстаным маңызды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық әліпбиді әлі де пысықтай түсу жөніндегі тапсырмасына орай, Қостанайда латын таңбасына негізделген қазақ әліпбиінің жетілдірілген нұсқасын ашық талқылауға арналған ғылыми жиын өтті.</p>

Ортақ ұстаным маңызды

Басқосуға өңірдегі филолог ғалымдар, тіл мамандары мен облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының мамандары қатысты. Қазіргі қол­данымдағы кирилл әліп­биінде 42 әріп болса, жаңа ұсынылып отырған әліпби нұсқасында 31 әріп бар.

Жиынға қатысушылар жа­ңа әліп­биге қатысты 7 мә­се­ле төңі­регінде ой өрбітті. Әсіресе «Ч» дыбысын таңбалау керек пе, әлде керек емес пе, бәлкім мүлдем алып тастау керек шығар? – деген сауал төңірегінде тіл мамандарының пікірі қақ жарылды. Бір тарап «Ч» дербес әріп ретінде таңбалануы керек, өйткені қазір ағылшын тілінен еніп жатқан сөздердің құрамында көп кездеседі. Түрік, әзербай­жан әліпбиінде «Ч»-ға арнайы таңба бар. «Оны алып тастасақ, Чехов, Сергеевич деген­ді қалай жазамыз?» деген­ді айт­ты. Екінші тарап бұған: «Жаңа әліпбиге көшуіміздің бір себебі – ұлттық тілдің сырт әсер­ге қарсы тұру имму­ните­тін күшейту екен­дігін ұмыт­пау керек» деген уәж айтып, тілімізде «Ч» деген ды­быс­­тың жоқ екенін, ол «Т» мен «Ш»-ның қосындысынан жасал­­ған құра­ма дыбыс екенін жеткізді.

Жаңа әліпби нұсқасындағы тағы бір жаңалық – мұнда «С» деген таңба жоқ, кирилдегі қазіргі «С» әрпі «S» таңбасымен бел­гі­ленген. Тілші мамандар бұл мәселе төңірегінде де біраз талас­қа барды. «Медицина тер­миндерінің көбі «Ц»-мен айтылады, сондай-ақ латын әлі­п­биі ежелден «А», «B», «С»-дан бас­­талады, бұл әріптер толық тұруы керек» деушілер болды. Бұл пікірге қарсы шығушылар «Ц»-ның «Т» және «С» ды­быс­­тарынан құралатынын, сон­дық­тан «Ц»-мен келетін сөз­дерді «S» әрпі­мен жазу ұтымды» дегенді айтты.

Жиын соңында ғалымдар пікір білдірушілердің әрқай­сы­сы өз ойын қағазға түсіріп, ха­т­тамаға енгізу үшін жазба­ша түрде ұсыну керек деген ор­тақ шешімге тоқтады. Хат­та­ма көшірмесі жаңа үлгі­дегі жетіл­дірілген әліпби нұсқа­сын ұсынған жұмыс тобына жөнелтіледі.

ҚОСТАНАЙ

Бөлісу: