Аймақтар
1 мин оқу 306

«Гарант» тұрғын үй кешені жазда пайдалануға беріледі

<p style="text-align: justify;">Бүгін елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев Ы.Дүкенұлы мен Ш.Уәлиханов көшелері қиылысында орналасқан &laquo;Гарант&raquo; тұрғын үй кешеніндегі құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.</p>

«Гарант» тұрғын үй кешені жазда пайдалануға беріледі

Қазіргі таңда осы нысанда инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алдағы уақытта кешен аумағында абаттандыру жұмыстары басталмақ.

− Бұл үйді осы жылы жазда тапсыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда 170-ке жуық алданған үлескерлер бар. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес алдағы 5 жылда біз елордалық үлескерлердің мәселесін толық шешу жоспарда бар. Қазір біз осы бағытта Үкіметпен бірге жұмыс істеп жатырмыз,-деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

Айта кету керек, аталмыш тұрғын үй кешеннің құрылысы 2011 жылы басталған еді. 2015 жылдан бастап проблемалық үйлердің санатында тұр.

Бөлісу:
«Гарант» тұрғын үй кешені жазда пайдалануға беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар