Аймақтар
1 мин оқу 200

Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті

<p style="text-align: justify;">Ерте көктемде алқап жұмыстарының алдында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық көрмеде облыс ауылшаруашылық техникаларының соңғы жетістіктері мен заманауи дән сепкіш кешендер&nbsp; облыс диқандарының назарына ұсынылды.</p>

Қостанайда  ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті

Шараға Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл қалаларындағы ауылшаруашылық техникаларын сатумен айналысатын делдал компаниялармен қатар, Ресейдің техника шығаратын кәсіпорындарынан өкілдер келді. Әр компания  көпшілікке өздерінің ең соңғы үлгідегі заманауи  техникаларын таныстырып, артық тұстарын түсіндіріп бақты.

 – Біз Қостанайда өтетін көрмеге бірінші рет қатысып отырған жоқпыз. Биыл RSM 2375 тракторын әкелдік. Көкшетауда құрастырылған. Бұл техникада мың аттың күші бар. Бәгіне 927 литр жанармай сыйып кетеді, - дейді «Ростельмаш» компаниясының менеждері Асқар Молдағалиев.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеутай Ержанов «АгроҚостанай-2020» атауымен өтіп жатқан бұл көрменің өңірдегі тауар өндірушілер үшін маңызы зор екенін атап өтті.

– Бүгін ондаған кәсіпорын ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерімен бөлісіп отыр. Бұл – егінмен, мал шаруашылығымен айналысатын қостанайлықтар үшін орасан мүмкіндік, - деді ол.

Қостанай

Бөлісу: