Аймақтар
1 мин оқу 200
Маңғыстауда инвесторларға арналған фронт-кеңсе ашылады
<p style="text-align: justify;">«Маңғыстау» кәсіпкерлер қызмет көрсету орталығы» ЖШС Маңғыстау облысы бойынша Фронт-кеңсе ретінде анықталған. Бұл туралы «Қоғамдық Коммуникациялар Орталығы» алаңында өткен брифингте мәлім болды.</p>

Фронт-кеңсенің ресми ашылуы 2020 жылдың наурыз айына жоспарланған. Фронт-кеңсе шеңберінде инвесторларды сүйемелдеумен қатар, ай сайынғы негізде іске асырылатын және жаңа инвестициялық жобалардың барлық басшыларымен кездесулер өткізу, шешу жолдарын қабылдай отырып, проблемалық мәселелерді талқылау жоспарлануда.
Маңғыстау облысы
Бөлісу: