Он алты бала тәрбиелеп отыр
<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласының тұрғыны Наталья Красильникова 16 бала тәрбиелеп отыр. 8 наурыз – ха­лық­­аралық әйелдер мерекесі қар­саңында қала әкімі Жақсылық Омар батыр анамен арнайы кездесіп, «Өскемен қаласының Құр­метті азаматы» атағын табыс­тады. </p>

«Бүкіл өмірін бауыр еті – балаларының болашағына арнаған, отбасын нығайтып, қоғамның адал, сыйлы, еңбекқор мүшелерін тәрбиелеген адам үлкен құрметке лайық» дейді шаһар басшысы.
Орайы келгенде айта кетейік, биылғы наурыз айынан бастап қаладағы көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына (3213) қоғамдық көлікте тегін жол жүру мүмкіндігі берілген болатын. Осы мақсатта аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес облыстық бюджеттен қаржы бөлінген-ді.
ӨСКЕМЕН