Футбол
1 мин оқу 160

Баршамызды қуантты

<p style="text-align: justify;">Біріккен Араб Әмірлік&shy;терінде өнер көрсетіп жүрген Бауыр&shy;жан Ислам&shy;хан алғашқы голын соғып, өз коман&shy;дасының Президент кубогы&shy;ның финалына шығуына сүбелі үлес қосты.</p>

Баршамызды қуантты

Жартылай финалда «Әл-Айн» «Әл-Шарджа» клубымен шеберлік сынасты. Кездесудің 32 минутында таразы басы 1:1 есебімен тең тұрған еді. Сол кезде Бауыржан 22-23 метрдей қашықтықтан қақпаға қарай доп­ты шірене тепті. Қақпашы қанша жанталас­қанымен, қауіптің бетін қайтара алмады. Одан кейін де Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны өте сауатты ойнап, стадионға жиналған барша көрерменді қуантты. Нәтижесінде «Әл-Айн» 3:2 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алса, қандасымыз осы матчтың ең үздік ойыншысы деп танылды.

Бөлісу:
Баршамызды қуантты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар