Әлем
1 мин оқу 196

Түрікменстан Президенті Әзербайжанға ресми сапармен барды

<p style="text-align: justify;">2020 жылдың 11 наурызында Баку қаласында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Бұл туралы Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлады.</p>

Түрікменстан Президенті Әзербайжанға ресми сапармен барды

Бауырлас мемлекет басшылары екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық деңгейіне жоғары баға берді.

Түркіменстан көшбасшысы Әзербайжан — бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өңірдегі белсенді жұмыс істейтін Түрікменстанның маңызды саяси серіктесі екенін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар энергетика, көлік-коммуникация саласында, аграрлық секторда, химия және тоқыма өнеркәсібінде, құрылыс және технологиялық блоктарда басым бағыттарды анықтады.

Кездесу барысында мемлекет аумағы арқылы Шығыс-Батыс бағыты бойынша көлік-транзиттік дәліздері және порт инфрақұрылымын екі жақты тиімді пайдалану мәселелері қаралды.

Келіссөздер аясында тараптар мемлекетаралық мәдени, гуманитарлық, ғылыми, білім беру және спорт салаларында байланыстарды дамытудың жай-күйі мен келешегін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.

Бөлісу:
Түрікменстан Президенті Әзербайжанға ресми сапармен барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар