Өнер
2 мин оқу 730

«Жадыраның» жан жадыратар әндері-ай!

<p style="text-align: justify;">Қостанайдағы Достық үйінде &laquo;Жадыра&raquo; халықтық вокалдық ансамблінің концерті өтті. Қазір не көп &ndash; ансамбль көп, ән көп. Бірақ &laquo;Жадыраның&raquo; жөні бөлек. Ансамбльді 1991 жылы әнші-композитор Қайрат Нұрғазин ұйымдастырған еді. Рудныйда алғаш &laquo;Әжелер&raquo; ансамблі болып құрылған ұжым сол кезде көп айтыла қоймайтын ұлттық бояуы қанық дәстүрлі халық әндері мен қазақ композиторларының туындыларынан ғана тұратын ерекше репертуарымен әнсүйер қауымды өзіне бірден баурап алған.</p>

«Жадыраның» жан жадыратар әндері-ай!

Кейін «Жадыра» болып өз­гер­ген ұжымға соңғы 15 жылдан бері музыкант әрі сазгер Вла­димир Лущ жетекшілік етіп келеді. Биыл 29 жылдығын атап өткен тәуелсіздікпен төл құрдас ансамбльдің құрамында ең жасы 55-ті еңсерген, үлкені 85-ке аяқ басқан жиырма шақты әжей өнер көрсетеді. Әншілердің дені зейнет жасында. Өнер ұжымы 2016 жылы халықтық ансамбль атағын алды.

Достық үйіндегі концерт­тік бағдарлама Абай Құнанбай­ұлының 175 жылдық мерей­тойы мен Жеңістің 75 жыл­дығына, Қазақстан халқы Ассам­блеясының 25 жылдығына  арналған. Концертте «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қазағым», «Өз елім» тәрізді көпшілікке белгілі әндер, сондай-ақ «Астана», «Бейбітшілік сақталады», «Жас қала – Рудный», «Байтақ жерім, Қостанай» сияқты Отан, туған жер, жеңіс, бейбітшілік, достық және ел астанасы туралы жергілікті ақын-сазгерлердің шығармалары орындалды.

– Ансамбль құрамындағы әншілер­дің көбі бұрынғы мұға­лім, сатушы, механизатор, тәрбиеші, агроном, мемлекеттік қызметшілер. Бүгінде барлығы бір ұжым болып халықтық ән­дерді насихаттап жүр. Ұжымда Орынбасар Байтоқова, Мүслима Баймұрзинова сынды екі батыр ана бар. Ая-София Бірманова мен Баян Зиналиевалар – осы ансамбльдің негізін қалаған ардагер әншілер. – Бүгінгі кеште мен де жеке дауыста өнер көрсетпекпін. «Туған жер. Торғайым» мен Ахмет Байтұрсынұлының «Қар­ғашын», Рамазан Елебаев­тың «Жас қазақ», одан кейін Ер­мек Серкебаев орындайтын «Надо мной небо синее» әнін айтамын. Жалпы, ансамбльдің репертуарында 100-ден астам ән бар. Бүгін орыс, укарин, татар, поляк тілдерінде де ән шырқалады, – дейді өнер ұжымының жанашыры Жақсылық Кәкенов.

Ән кешіне жиналған ха­лық Достық үйіндегі аядай ғана залға сыймай қалды. Біраз жұрт қосымша қойылған орын­дықтарға жайғасса, қалғаны кон­цертті тұрып тамашалады. Халықтық ансамбльдің жан­күйер тыңдаушылары да көп­ ұлтты зейнет жасындағы егде кісілер. «Жадыраның» әндерін тыңдаған сайын жанымыз жадырай түседі. Бір тыңдаған соң ұмытылып қалатын бүгінгінің бәзбір әндеріндей емес, шынайы сезімнен туған отаншыл рухтағы шығармалар бойы­мызға қуат құйып, өмірге деген құштарлығымызды арттыра түседі, – дейді қостанайлық еңбек ардагері Ибраһим Ағытай.

ҚОСТАНАЙ

Бөлісу:
«Жадыраның» жан жадыратар әндері-ай! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар