Қоғам
1 мин оқу 333

Есірткі тасымалдаушы ұсталды

<p style="text-align: justify;">Біздің елден Қырғыз Республикасына қарай жаяулатып бет алған, жас мөлшері елуге жақындаған ер адамға айналасындағылар аяушылықпен қарағандығы байқалып тұрды. Оның оң аяғының орнында протез болатын.</p>

Есірткі тасымалдаушы ұсталды

Алайда шекарашы­лар­дың есірткі іздеуге арнайы үйретілген «Рада» атанған иті әлгі мүгедек адам­ды «есірткі тасымалдау­шы» ре­тінде мең­­зеді. Иттің қа­телесуі мүмкін емес еді. Шека­рашылар күдіктіні арнайы бөл­меге алып барып, толық тексеру жүргізді. Күдік расталды. Оның про­тезі жай ғана протез емес, арнайы да­йындалған контейнер екендігі анықталды. Қа­зіргі уақытта оның ішінен табылған зат есірткі болуы мүмкін деген күдікпен са­рап­­тамадан өткізіліп жатыр. Көлемі мен түрі анық­талу үс­тінде. Ұсталған 47 жас­тағы қазақстандық аза­мат Жам­был аудан­дық по­лиция бө­ліміне тап­сырылды.

Бөлісу:
Есірткі тасымалдаушы ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар