Елорда
1 мин оқу 182

Елорда: Павлодар облысы жәрмеңкеге 40 тоннадан астам өнім әкеледі

<p style="text-align: justify;">14-15 наурызда &laquo;Аспан базар&raquo; сауда үйінде Павлодар, Екібастұз қалалары мен Май ауданының ауылшаруашылық кәсіпорындарының қатысуымен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.<br /><br /><br /></p>

Елорда: Павлодар облысы жәрмеңкеге 40 тоннадан астам өнім әкеледі

«Павлодарлық кәсіпкерлер жәрмеңкеге 40 тоннадан астам азық-түлік өнімдерін алып келеді.

Республикада және шетелде танымал «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сүт» АҚ, «Кренделъ» ЖШС брендтері және басқа да кәсіпорындар елорда тұрғындарына қолжетімді бағамен азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген түрлерін ұсынатын болады.

Жәрмеңкеде картоп, пияз, сәбіз - 85 теңгеден, қырыққабат - 100 теңгеден, сиыр еті - 1800 теңгеден сатылады» делінген хабарламада.


Бөлісу: