Қытайдың Хубэйден басқа жерінде 8 күн қатарынан коронавирус тіркелген жоқ
<p style="text-align: justify;">Бұл күндері коронавирус пандемиясына байланысты Қытайда жағдай жақсы жағына өзгеріп келеді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері «Egemen Qazaqstan» газеті үшін арнайы мәлімдеді.</p>

Мәселен, бүгін Қытайдың Хубэйден басқа провинциясында 8-ші күн қатарынан коронавирустың жаңа оқиға тіркелген жоқ.
Ал, бүгін Хубэй өлкесінің Ухань қаласында короновирустың 5 жаңа жағдайы, провинциядан тысқары 3 оқиға тіркелгенімен, бұл адамдар басқа мемлекеттерден оралғандар.
Қысқасы, Қытай елінде күн өткен сайын жағдай тұрақталып келеді. Кеше 15 адамда коронавирус жұқтырғаны расталса, оның 8 адамы Хубэйде, Шаньдунде вирусқа шалдыққан 7 адамың 6-уы басқа елдерден келген.
Қытай ғалымдары наурыз айының соңына дейін нөлдік нәтижеге жету үшін шекараны қатаң бақылауға алып, ДССҰ ұсыныстары мен кеңесін қатаң сақтайтын болады.