Қоғам
1 мин оқу 794

Мұғалімдер үйден жұмыс істей алады - А. Аймағамбетов

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.</p>

Мұғалімдер үйден жұмыс істей алады - А. Аймағамбетов

Министрдің айтуынша, оқушылар демалысында мұғалімдер әдетте мектепке келетін, ал қазір олар үйден жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары да сабақты онлайн форматта жұмыс орнына келмей, үйден жүргізе алады. 

Білім саласының қызметкерлері үш категорияға бөлінген. Біріншілері  - білім ұйымдарының жұмысын жүргізуге тікелей қатысатын қызметкерлер жұмысқа шығулары керек. Жоғарыда айтылған ұстаздар екінші санатқа кіреді. Олар қашықтықтан жұмыс істеп, жалақысын толық алады.

Бөлісу: