Аймақтар
1 мин оқу 320
Қызылорда: Аралдықтар сенбілікке шықты
<p style="text-align: justify;">Аралдықтар аудан орталығы мен елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығына сәйкес сенбілікке шықты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.</p>

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарды, көшелерді тазалады.
Арал қаласының өзінде ғана тазалық жұмыстарына 1340 адам, 8 техника жұмылдырылды. Қала көшелерінен 520 тонна тұрмыстық қатты қалдық шығарылды.
Бөлісу: