Коронавирус
1 мин оқу 1,290

Қазақстанда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды (видео)

<p style="text-align: justify;">Жаңа 1 жағдай Алматы қаласында тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.&nbsp;</p>

Қазақстанда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды (видео)

«Коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны тоғызға жетті. Германиядан ұшып келген 2008 жылғы қыз баладан табылды» деді Диас Ахметшәріп.

Барлығы Қазақстанда 9 жағдай, Алматы қаласында - 7, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 644 адам, үй карантинінде 628 адам жатыр.

Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 537 адам алынды, оның ішінде 1а санаты бойынша – 1 мың 626, 1б санаты бойынша – 564, 2- санат бойынша – 347 адам. Мониторингке алынған 2 мың 537 адамның 480 бақылау тоқтатылды. 15 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2057 адамға мониторинг жүргізуде.

Еске салсақ, бүгін 15 наурыз күні елде жаңа 3 жағдай тіркелді.

Бөлісу:
Қазақстанда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды (видео) · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар