Қоғам
1 мин оқу 210

Уақытша шектеу елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қажет - Нұрлан Нығматулин

<p style="text-align: justify;">Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин төтенше жағдайға байланысты ел басшылығы тарапынан қабылданған кешенді шаралар азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталғанын айтты. Бұл туралы ол&nbsp; <a href="https://twitter.com/NigmatulinKZ/status/1239385176020484096">Twitter</a> парақшасында жазды.</p>

Уақытша шектеу елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қажет - Нұрлан Нығматулин

- Президенттің бастамасымен Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ел басшылығы тарапынан қабылданған кешенді шаралар азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған. Уақытша шектеу елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қажет, - деп жазды Нұрлан Нығматулин Twitter парақшасында.

Мәжіліс Спикерінің айтуынша, жағдай толықтай бақылауда. Алаңдаушылыққа бой алдыруға болмайды. Нұрлан Нығматулин, сондай-ақ, қазақстандықтардың қалыптасқан жағдайға жоғары жауапкершілікпен қарап, өз денсаулықтарына баса көңіл бөлетініне, айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды қолға алатынына сенім білдірді.

Бөлісу:
Уақытша шектеу елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қажет - Нұрлан Нығматулин · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар