Аймақтар
1 мин оқу 250

Маңғыстауда «Халық заңгері» шарасы өтті

<p style="text-align: justify;">Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау біздің жұмысымыздың басымды бағыттарының бірі болып табылады. Соның ішінде азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіру - сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралы, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы &nbsp;іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.</p>

Маңғыстауда «Халық заңгері» шарасы өтті

Осы мақсатта Агенттіктің бастамасымен ай сайын дәстүрлі түрде өтетін «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны Ақтау қаласында 10 наурызында «Antikor ortalygy» ғимараттарында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында кеңес беруге құқық қорғау органдарының өкілдері, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және «Арнайы мониторингілік тобының» жетекшілері қатысты.

Құқықтық кеңес алуға келгендер сұрақтарын ортаға салып, тұшымды жауаптар алды.

Бөлісу:
Маңғыстауда «Халық заңгері» шарасы өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар