Президент
1 мин оқу 596
Азық-түлік дүкендері, базарлар өз жұмысын жалғастыра береді - Қ.Тоқаев
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайға байланысты телевизия арқылы жасаған үндеуінде айтты.</p>

«Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынады. Көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды. Көптеген азаматымыздың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінемін. Дегенмен, бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз. Ірі сауда нысандарының жұмысын шектеуге мәжбүрміз. Бірақ азық-түлік дүкендері, базарлар өз жұмысын жалғастыра береді. Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және жұртшылық көп баратын басқа да орындар уақытша жабылады» деді ел Президенті.
Бөлісу: