Қазақстан
1 мин оқу 150

Іс-шараларға сатылған билеттердің ақшасы қайтарылады - Өркен Бисақаев

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев мәдени&nbsp;іс-шараларға сатылған билеттердің&nbsp; қаражаттары тиісті мәдениет ұйымдары тарапынан қайтарылатынын айтты.</p>

Іс-шараларға сатылған билеттердің ақшасы қайтарылады - Өркен Бисақаев

- Қазақстан аумағында және шет елде өткізілуі жоспарланған гастрольдік қызмет пен басқа да іссапарлар, концерт, спектакль, қойылым, форум, семинар, конференция, дөңгелек үстел, көрме және т.б. секілді іс-шаралар өткізілмейтін болды. Сондай-ақ  кітапханаларда, музейлерде келушілерді қабылдау, сондай-ақ, тарихи-мәдени мұра объектілерінде экскурсиялар және қызығушылықтары бойынша үйірмелер және өзге де секциялардың жұмыстары бойынша қызметтер көрсету уақытша тоқтатылды, - деді Өркен Бисақаев.

Оның айтуынша, тоқтатуға жататын іс-шараларға сатылған билеттердің қаражаттары тиісті мәдениет ұйымдары тарапынан қайтарылатын болады.

Бөлісу:
Іс-шараларға сатылған билеттердің ақшасы қайтарылады - Өркен Бисақаев · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар