Теннис
1 мин оқу 130
Ширек финалда ұтылды
<p style="text-align: justify;">Оманның Маскат қаласында өткен үстел теннисінен Oman Open халық­аралық турниріне қатысқан отандасымыз Кирилл Герасименко ширек финалда сүрінді.</p>

Герасименко бастапқы бәсекеде кадеттер арасындағы Оңтүстік-Шығыс Азияның үш дүркін чемпионы, сингапурлық Панг Эн Коенмен бақ сынасып, 4:2 есебімен басым түсті. Ал жұптық сында әлем чемпионатының және командалық жарыстағы жаһандық доданың қола жүлдегері, португалиялық Тьягу Аполонины 4:1 есебімен жеңген-ді.
Алайда, жартылай финал жолдамасы үшін өткен тартыста отандасымыз Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, ресейлік Кирилл Скачковқа 4:3 есебімен жол берді.
Бөлісу: