Аймақтар
2 мин оқу 113

Жамбылдағы тиісті орындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

<p style="text-align: justify;">Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты қауіптің алдын-алу мақсатында бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы 138 сауда және 11 ойын-сауық орталықтарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек 163 мейрамхана, 301 кафе, 2871 дүкен, 76 монша және 41 базар бар. Бұл туралы &nbsp;Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров аталған мақсатта өткен жиында хабарлады.</p>

Жамбылдағы тиісті орындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

«Облыс аумағында ірі сауда нысандарының жұмыс істеуіне сағат 10-нан сағат 18-ге дейін санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте, функцияларды толық орындай отырып шектеу қою. Азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық іс-шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істеуі тиіс. Сатып алушыларға қолжетімді нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сату тек оралған түрде болуы керек. Киім-кешек базарларының жұмысын сағат 11-ден сағат 17-ге дейін санитарлық және дезинфекциялық іс-шараларды күшейте отырып шектеу қою. Халыққа азық-түліктерді, заттар мен дәрі-дәрмектерді онлайн сатып алуды және жеткізуді кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде», деді Нұржан Календеров.

Сонымен қатар ол өңірдегі дәмханалар мен мейрамханалардың қоғамдық тамақтандыру жұмысын сағат 22.00-ге дейін келушілер саны 50 адамнан аспайтын санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, сондай-ақ, қолды тазалауға арналған санитайзерлер орната отырып шектеу қою керектігін айтты. Президент Жарлығында көрермендердің қатысуымен өтетін спорттық іс-шараларды, сондай-ақ, жаппай отбасылық салтанаттар мен естелік салттарды өткізуге тыйым салу туралы нақты айқындалғандықтан, сауда орталықтарында, кинотеатрларда, театрларда, көрмелерде, фитнес-орталықтар мен жаттығу залдарында, түнгі клубтарда, адамдар көп жиналатын басқа да нысандарда ойын-сауық аймақтарының жұмыс істеуіне тыйым салу керектігін айтты. «Сауда – ойын-сауық орталықтарында орналасқан дәріханалар, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендер жұмысын жалғастырады және санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып жұмыс істейтін болады. Мектептен тыс қосымша білім беру нысандары жабылады», деді ол.

Жамбыл облысы

Бөлісу: