Коронавирус
1 мин оқу 1,120
Балаларда коронавирустың белгілері бірден байқалмайды
<p style="text-align: justify;">Қытай ғалымдары балалардың жасырын вирус тасымалдаушы екенін мәлімдеді. Коронавирусқа шалдыққан балаларда вирустың әлсіз белгілері ғана пайда болады.</p>
Зерттеушілердің пікірі бойынша, балалар COVID-19 тасымалдаушысы бола тұра белгілері байқалмайды. Ғалымдар коронавируспен ауырған науқастармен байланыста болған 15 жасқа дейінгі 745 балаға, олардың отбасына зерттеу жүргізіп, вирусқа шалдығу деректерін анықтаған. Олардың ішінде 10 балада ғана SARS-CoV-2 вирусының жеңіл түрі байқалған. Ал коронавирусқа шалдыққан балалар жөтелген, тамағы ауырып, тынысы тарылған. Ересектерді бас және бұлшық еттерінің ауруы мазалаған. Бірде-бір балада өкпе демікпесі анықталмаған.
АЛМАТЫ
Бөлісу: