Аймақтар
1 мин оқу 340

Маңғыстауда сауда орындары өзгертілген режимде жұмыс істейді

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Мұстапаева Венера Тұранқызы мәлім етті.</p>

Маңғыстауда сауда орындары өзгертілген режимде жұмыс істейді

Бүгінгі таңда өңірде 592 сауда орындары жұмыс істейді, оның ішінде 2 гипермаркет, 71 супермаркет, 490 минимаркет, 29 базар бар.

Венера Мұстапаеваның айтуынша, сауда орындарында азық-түлік тауарлары жеткілікті, тапшылығы байқалмайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселесі қатаң бақылауда. Азық-түлік сататын дүкендер, супермаркеттер мен базарлардың жұмыс жасау уакыты санитарлық-дезинфекциялық кауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бұрынғы қалпында қалады.

Ірі сауда орындарына күндізгі сағат 10:00 – кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс жасауға шектеу қойылды.

Тұрмыстық тауарлар мен киім-кешек сататын базарлардың жұмыс уақыты сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектелді.

Қоғамдық орындар мен ғимараттарда тұрақты түрде санитарлық-дезинфекциялық іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.

- Кафелер мен ресторандардың жұмыс уақытына 22:00-ге дейін шектеу қойылды және оларға келушілер саны 50 адамнан аспауы керек. Облыс тұрғындарын сақтық шараларын қатаң түрде сақтауға шақырамыз, - деді жауапты мамандар.

Маңғыстау облысы

Бөлісу: