Аймақтар
1 мин оқу 343
Қызылорда: «Допинг» шарасы барысында 28 құқық бұзушылық анықталды
<p style="text-align: justify;">Осы жылдың 10-13 наурызы аралығында облыс көлемінде «Допинг» арнайы операциясының бірінші кезеңі өткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Есірткінің заңды айналымын анықтауға бағытталған шара барысында департаменттің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жүргізді. Оның барысында 3 күнде 28 құқық бұзушылық анықталды.
«Допинг» шеңберінде облыс аумағында орналасқан 7 дәріхана тексеріліп, 22 дана таблетка тәркіленді.
Бөлісу: