Елордада көппәтерлі тұрғын үйлер дезинфекцияланып жатыр
<p style="text-align: justify;">Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен жалпыға ортақ пайдалану орындары дезинфекцияланып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.<br /><br /><br /></p>

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында күн сайын кіреберістер, есіктер, лифтілер, сүйеніштер, терезе жақтаулары және т. б. дезинфекцияланады. Қала әкімі Алтай Көлгінов тұрғындардың ретсіз үйден шықпау керек екендігін, сондай-ақ тұрғындар барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс екендігін айтты, «бірлік таныту керек, жұмыла ғана бұл кезеңнен өте аламыз».
Қаланың әлеуметтік нысандарында, әуежайда, вокзалдарда, базарларда, сауда үйлерінде, сауда ойын-сауық және адамдар көп жиналатын жерлерде санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді. Сонымен қатар автобустар мен коммуналдық қызметтердің машиналары да дезинфекциядан өтеді. Елордада коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шаралар қабылданды: жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Коронавирустық инфекция жағдайлары анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді.