Экономика
2 мин оқу 150

«ҚазТрансГаз» сақтық шараларын қабылдады

<p style="text-align: justify;">Коронавирус инфекциясының (COVID-19) пандемия деп жариялауына байланысты және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде Төтенше жағдай режімін жариялауына орай &laquo;ҚазМұнайГаз&raquo; ұлттық компаниясы және газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор &laquo;ҚазТрансГаз&raquo; Ұлттық компаниясы бірқатар алдын алу шараларын қабылдады.</p>

«ҚазТрансГаз» сақтық шараларын қабылдады

«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар то­бында дағдарыстық жағдайларды бас­қару және коронавирус инфек­ция­­­сының таралуына жол бермеу бо­йын­ша штаб құрылды. Бұл орайда барлық өндірістік процестер, газ өндіру, отан­дық тұтынушыларға және экспортқа газ жеткізу штаттық режімде жүзеге асы­рылып жатыр. Магистральдық газ құ­быр­лары арқылы газ тасымалдау және тран­зиттеу жоспарланған көлем аясында жүр­гізілуде.

Жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен ір­кі­­ліссіз жұмысты қамтамасыз ету ұлт­тық газ операторы үшін басымдық болып табылады.

«ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлерінің арасында қауіпті инфекцияның таралуы­на жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша да барлық іссапарға тыйым салынған.

Барлық бұқаралық іс-шара өт­пей­тін болды, бұйрықтарға, қызметтік жаз­­баларға, шарттарға және өзге де құ­жат­­тарға электронды құжат айналымы жү­йе­сінде қол қою арқылы электронды құ­жат айналымына толықтай көшіру жү­зеге асырылды.

Компаниялар тобындағы әкім­ші­лік қыз­мет­керлердің 50%-дан астамы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыс­ты­рыл­ды. Қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің ротация кестесі, жұмыс күнінің басталуы мен аяқталу уақыты айқындалды.

Офистік және өндірістік үй-жайларды дезинфекциялау мен өңдеу жүргізілуде. Қызметкерлер арасында жеке гигиена шараларына қатысты түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Өндірісте адам көп жиналатын жер­лерді дезинфекциялау, сондай-ақ жұ­мыс­­керлердің температурасын өлшеу жү­зеге асырылып тұрады.

Компания қызметкерлеріне ЖРВИ белгілері біліне бастағанда жұмысқа барудан бас тарту, жедел түрде дәрігерге көрініп, толық сауығып кеткенге дейін сыр­қаттану қағазын ашуға ұсыныс бе­рілді.

Осындай шаралар ұлттық газ опе­ра­то­рының барлық еншілес және тәуелді ұйымдарында да қабылданды.

2020 жылғы 18 наурыздағы жағдай бо­йынша коронавирус инфекциясын жұқ­тырған қызметкерлер анықталған жоқ.

Айзере САМАРҚАН

Бөлісу:
«ҚазТрансГаз» сақтық шараларын қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар