Қоғам
3 мин оқу 160

Халық білуі тиіс

<p style="text-align: justify;">Коронавируске байланысты карантин режімін енгізу жөнінде шешім қабылданысымен халық арасында дүрбелең, әртүрлі алыпқашпа әңгіме көбейді. Осыған орай тұрғындарға қажетті ақпараттарды ұсынамыз.</p>

Халық білуі тиіс

Билет құны қайтарыла ма?

Соңғы күндері қос қаланың вокз­ал­дарында сеңдей соғы­лыс­қан жұрт көбейді. Қалаға кіру мен шығудың шектелуіне орай, жол жүру билеттерін өткізуге келген нөпір халықтың көкейіндегі сауал – «Билет құны қайтарыла ма?»

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің ха­бар­лауынша, жолаушылар билеттері үшін ақшаны толық көлемде (соңғы тәулікте ұстап қалусыз) қайтару туралы шешім қабылданды.

Кеше кассаларда билеттерді қайтару бойынша жүктеме айрық­ша жоғары болды. Бұл ретте кас­салар қосымша қолма қол ақша­мен қамтамасыз етілді. «Осы сияқ­ты сирек жағдайда билет құны толық төленеді және жолау­шы тиесілі ақшасын өзіне ыңғайлы кез келген уа­қытт­а, соның ішінде келесі күні де ала алады. Біз қа­зір­гі қалып­тасқан жағдайда жо­лау­­шыларымыздан билеттерді қай­­­­таруды рәсімдеу барысына шы­дам­дылық танытуды және түсі­ністікпен қарауды сұрай­мыз. Ақша қаражатын толық кө­лемде қайтаруға кепілдік бе­ре­міз» дейді компания бас­шы­лығы.

 Сұрақтарды қайда жолдауға болады?

Қазақстандықтардың коро­на­­ви­русты жұқтырғаны растал­­ған­нан кейін халық арасында алаңдаушылық айтар­лық­тай өсті. Бұрын Әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру қо­рының Бірыңғай байланыс орта­лығына күніне шамамен 1500-2000 қоңырау түсетін болса, қазір күніне 6 мыңға дейін сауал қойылады.

1406 байланыс орталығының операторлары халыққа денсау­лы­­ғын нығайту және ағзасын қор­ғау, күдікті симптомдар бай­қалғанда әрекеттер жасау бо­йынша кеңес беру дайын­ды­ғынан өтті.

«Байланыс орталығы қа­жет­ті алдын алу шаралары және вирус­тан қорғану бойын­ша кеңес беру үшін жұмыс істейді. Операторлар сонымен бірге сырқаттанып қалған кезде қайда бару керектігін, қан­дай симптомдарға назар аудару қажеттігін, талдауларды (ана­лиз­дерді) қайда тапсыруға болатынын түсіндіреді. Үкімет пен уә­кілетті органдар қабылдап жат­қан шаралар халықты қор­ғауға бағытталған. Алайда қо­ғам­дық орындарға бару ден­сау­лы­ққа қауіп төндіретінін са­нал­ы азаматтар түсінуі керек», делінген Әлеуметтік ме­ди­циналық сақтандыру қоры­ның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, сұрақ­тар­ды 1406 операторларына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқы­лы­ да жолдауға болады. Жол­­да­нымға тіркеу нөмірі бері­ле­ді, со­дан кейін сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде оның мәртебесін тексере аласыз.

Шетелден азық-түлік тауары келе ме?

Қаржы министрлігінің Мем­ле­кеттік кірістер комитеті халық тұты­натын әлеуметтік маңызы бар импортталатын азық-түлік­тер­ге «жасыл дәліз» орнатты. Бұл шаралар ел арасында бірін­ші кезекте тұтынатын тауар­лар тап­шылығын тудырмау үшін жа­салуда.

Комитет дерегінше, 2019 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап Қазақ­станға жалпы құны 554,6 млн долларды құрайтын 872 мың тонна тауар кіргізілген. Атап айтқанда, қант – 165 мың тонна, құс еті – 148 мың тонна, пияз – 133 мың тонна, сүт – 118 мың тонна, орамжапырақ – 85 мың тонна және 78 мың тонна сәбіз сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына жат­қы­зыл­ған 19 түрлі тауар им­порт­талған.

Қазіргі таңда алғашқы қажет­тілік тауарларын тасымалдай­тын негізгі компанияларға ке­ден­­дік тексеріс, сараптама, және тауардың құнын кедендік бақы­лау сияқты шаралар қол­да­ныл­майды. Сондай-ақ қазір шекарада өзге санаттағы бизнес субъектілеріне әкімшілік жүк­те­мелерді азайту үшін «қызыл және сары дәліздердің» жұмысы қыс­қартылған.

Бөлісу: