Аймақтар
1 мин оқу 290
Жетісайда тігін цехтары күніне 3000 бетпердені сатылымға шығаруда
<p>Түркістан облысында медициналық бетперде тапшылығы мәселесін шешу мақсатында тігін цехтары жұмыстарын қарқындатуда.</p>

Дәріханалар мен бөлшек саудада туындаған тапшылықты жою үшін бүгінде кәсіпкерлер өнім санын көбейте түскен.
Мысалы, Жетісай қаласындағы «Айнұр» және «Әсем» жеке кәсіпкерлік нысандары күніне 3000-ға жуық медициналық бетперде тігіп, сатылымға шығаруды қолға алды. Алдағы уақытта кәсіпкрлер жұмыс күшін арттырып, бетперде санын 4000 данаға жеткізу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы
Бөлісу: