Қазақстанда coronavirus2020.kz сайты іске қосылды
<p style="text-align: justify;">Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында коронавирусқа қатысты ресми хабар тарататын сайт іске қосылғанын хабарлады.</p>

«Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда» деп жазды Д.Абаев.
«Азаматтар үшін сайтта арнайы сұрақ-жауап айдары болады, ол жерде әрбір пайдаланушы өзіне қажетті сауалына жауап ала алады. Сіздерден осы мәліметті таратуды және сенімді ақпарат көздеріне ғана жүгінуді сұраймын» делінген хабарламада.