Аймақтар
1 мин оқу 194

Шымкентте індеттің алдын алуға арналған бірыңғай байланыс орталығы ашылды

<p style="text-align: justify;">Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тұрғындардың арасында көптеген сұрақтар туындауда. Денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, азық-түлік бағасына қатысты және т.б. сауалдарға шұғыл жауап беріп, дер кезінде шешім қабылдау үшін Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан бірыңғай байланыс орталығы ашылды.</p>

Шымкентте індеттің алдын алуға арналған бірыңғай байланыс орталығы ашылды

     - Бұл байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Аталған орталықта 6 қызметкер қоңырауларға жауап беріп отырады. Олардың жұмыс кестесі таңғы сағат 08:00-ден кешкі 19:00-ге дейін созылады. Түнгі уақытта екі адам кезекшілікке қалады, -  дейді қала әкімдігінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов.

Естеріңізге салар болсақ, бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 39-50-55. Егер сіздерді толғандырған сұрақ болса осы нөмірге хабарласып, кеңес ала аласыздар.

Шымкент 

Фото: Серік Қосаев

Бөлісу: