Аймақтар
1 мин оқу 330

Қостанай әуежайына Мысырдан келген ұшақ қонды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қостанай әуежайына &laquo;Шарм-эль-Шейх &ndash; Қостанай&raquo; бағытындағы ұшақ келіп қонды. Әуе жолаушыларын полиция қызметкерлері мен эпидемиолог дәрігер мамандар қарсы алды.</p>

Қостанай әуежайына Мысырдан келген ұшақ қонды

Бортта барлығы 237 жолаушы және 7 экипаж мүшесі бар. Оның 152-сі Ресей Федерациясының азаматтары.  Сондай-ақ 1 Украин азаматы бар. Қалғаны – қазақстандықтар.  Медициналық тексерістен өткен соң, полиция шетелдік азаматтарды Ресей шекарасына дейін шығарып салды.

Мамандардың айтуынша, барлық жолаушының жағдайы - қанағаттанарлық. Қостанай облысының тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз-қызметінің мәліметінше, қазір облыста 39 адам ауруханада, 24 адам карантинде  жатыр. Індет жұқтырғандар тіркелген жоқ.

Қостанай

Бөлісу: