Коронавирус
1 мин оқу 232

Түркияда коронавирустан көз жұмғандар саны 4-ке жетті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа елде 359 адам індет жұқтырғанын мәлімдеді.</p>

«Коронавирус жұқтырған 85 жастағы әйел көз жұмды. Өкінішке орай, Түркияда індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 4-ке жетті» деп жазды Фахреттин Коджа Twitter парақшасында.

Оның айтуынша, Түркияда соңғы тәулікте вирус жұқтырғандардың жаңа 168 жағдайы тіркелді. Ал бүгінге дейінгі жалпы саны 359 адамға жетті.

Бөлісу:
Түркияда коронавирустан көз жұмғандар саны 4-ке жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар