Елбасы
1 мин оқу 175
Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
<p style="text-align: justify;">Тараптар коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі күрделі ахуалды талқылап, жаһандық эпидемиологиялық ауыртпалықты еңсеру бағытында екі ел қабылдап жатқан шараларға өзара қолдау білдірді. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Сондай-ақ тараптар Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығы мен күн тәртібіндегі өңірдің өзекті мәселелерін талқылады.
Әңгіме соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады.
Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.
Бөлісу: