Қазақстан
1 мин оқу 340

Кедендік тексерулерге байланысты жекелеген шектеулер енгізілді

<p style="text-align: justify;">Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы шаралары аясында және қауіпсіздіктің күшейтілген режимінің енгізілуіне орай кедендік тексерістер бойынша бірқатар қызмет тоқтатылғанын хабарлайды.</p>

Кедендік тексерулерге байланысты жекелеген шектеулер енгізілді

Атап айтқанда, кедендік тексеріс құжаттарын және кедендік құжаттар мен мәліметтерін беру (тексеріс актілері, хабарламалар, талап қою), тағайындалған көшпелі кедендік тексерістер тоқтатылады. Сондай-ақ көшпелі кедендік тексерісті тағайындауды Қылмыстық-процессуалдық Кодексімен көрсетілген («ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 418-бабы 10-тармағы 10-тармақшасына  сай) жағдайлардан басқа шектеу қойылады. Бұған қоса, мемлекеттік кірістер органдары мен декларант арасындағы ҚР Кодексінің 26 және 65-баптарына сай және Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 23-ақпанындағы №264 бұйрығына сәйкес, консультация жүргізу  сұрақтары бойынша  азаматтарды қабылдау тоқтатылады. Сол секілді импорттық тауарларды қолдану бойынша есептілік табыстау уақыты өзгертілді, онын ішінде Қаржы министрлігінің №367 бұйрығымен бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН белгіленгеннен төмен мөлшерде әкелінген кедендік баж қолданылған тауарлар үшін есептілікті тоқсаннан жарты жылдықта бір рет келесі айдың 10-на дейінге өзгертілді.

Мемлекеттік кірістер комитеті, қызметтің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеу тәсіліне көшкендіктен, төмендегі сілтемелер бойынша электронды қызметтерді қолдануды сұрайды.

ҚР ҚМ МКК сайты  www. kgd.gov.kz,

Facebook https://www.facebook.com/kgd.gov.kz/,

Instagram https://instagram.com/press_kyzmet_kgd?igshid=wynzmg0u44w6

Twitter https://twitter.com/KGD_MF_RK

Телеграм t.me/kgdmfrk

egov.kz порталындағы МКК Төрағасының блог-платформасы

Бөлісу:
Кедендік тексерулерге байланысты жекелеген шектеулер енгізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар