Қоғам
1 мин оқу 714

Қарағанды жастар қайырымдылық шарасына жұмылды

<p>Қарағанды жастары Волонтер жылы аясында Nur Otan партиясының және Қарағанды облысы әкімдігінің, &laquo;Saryarqa jastary&raquo; облыстық волонтерлер штабының ұйымдастыруымен өтіп жатқан &laquo;BIZ BIRGEMIZ&raquo; әлеуметтік көмек көрсету акциясына жұмылды.</p>

Қарағанды жастар қайырымдылық шарасына жұмылды

«Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған қоғам бөлігіне көмек қолын созу, қиын-қыстау кезеңде де адамдық пен адалдық, мейірімділік пен ізгілікті насихаттау», дейді ұйымдастырушылар.

 Аталмыш көмек әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға, қарттарға, соғыс ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіледі. Сондай-ақ акция аясында волонтерлер азық-түлік таратумен шектеліп қоймай, қарттарға дәрі-дәрмек, тұрмыстық қажеттіліктерін жеткізуге дайын.

Бөлісу: