Аймақтар
1 мин оқу 290
Алматыда індет ошағы бар көппәтерлі үйлер нақтыланды
<p style="text-align: justify;">Алматыда қаласында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штабтың отырысында 19 наурызда COVID-2019 ошақтарында ішкі карантин енгізу туралы шешім қабылданған еді.</p>

Биылғы 20 наурыздағы эпидемологиялық жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырған 22 жағдай тіркелді. Барлығы зертханалық түрде расталды. Алматы қаласындағы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша COVID-2019-дың 10 ошағы анықталды. Бұл 2 жекеменшік үй мен 8 көппәтерлі тұрғынүй:
- Алтай шағынауданы- 1, 8;
- Жасқанат шағынауданы, 86;
- Еңлікгүл, 34 А;
- Зенков, 59;
- Достық, 162;
- Гоголь, 75;
- Сары-ой, 234;
- Жароков, 16;
- Желтоқсан, 125;
- Байтұрсынов, 78/1.
Барлық індет ошақтарында эпидемияға қарсы профилактикалық шаралар жүріп жатыр.
Бүгін қаланың провизорлық госпиталінде 696, үй карантинінде – 1108 адам бар.
АЛМАТЫ
Бөлісу: