Коронавирус
1 мин оқу 750

Сыр ғалымдары антисептикалық сұйықтық ойлап тапты

<p style="text-align: justify;">Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Химиялық зерттеулер және технологиялар институты ұжымы бактерияға қарсы антисептикалық сұйықтық әзірлеп шығарды.</p>

Сыр ғалымдары антисептикалық сұйықтық ойлап тапты

Сұйықтықтың антисептикалық әсері кемінде 1 сағат сақталады. Медициналық маскаға сеуіп, кептіріп киюге де болады. Бұл туралы патент авторы, ғалым Нұрбол Аппазов Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

Нұрбол Аппазовтың айтуынша, сұйықтық бар-жоғы 10 күннің ішінде дайын болған. Осы күнге дейін институт ұжымы 20 литр антисептик сұйықтық дайындапты. Алдағы уақытта оның көлемін көбейтуді жоспарлап отыр. Әр құтының көлемі 30 миллилитр.  

Бөлісу:
Сыр ғалымдары антисептикалық сұйықтық ойлап тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар