Президент
1 мин оқу 241

Президент Шұғыл әрекет ету орталығына барды

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барды. Бұл туралы Президент &laquo;Twitter&raquo; желісіндегі парақшасында жазды.</p>

«Коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына бардым. Қысқа мерзімде құрылған Орталық қалыптасқан жағдайға мониторинг жасап, науқастарды анықтау және есепке алу үшін озық технологияны қолданады», - деді Қасым Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – халыққа шынайы ақпарат беру. Жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желіде жалған мәліметтер таралып жатқан кезде бұл өте маңызды. Коронавирусқа қатысты барлық ресми ақпарат coronavirus2020.kz сайтында.

Бөлісу:
Президент Шұғыл әрекет ету орталығына барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар